Қытайдан қазақтар 1 қола, 1 күміс, 1 алтын қанжығалап қайтты
pixabay.com
Қытай елінде жамбы атудан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Жарыстың алғашқы күні спортшылар «Мажар» стилі бойынша сынға түсті. Бұл стильде Батыр Бексауыт қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлады ҚР Спорт комитеті. – Жарыстың екінші күні мергендер «Азия» нысанасын көздеді. Ұлттық құрамадағы ең жоғарғы көрсеткіш Абзал Тұлыбековте. Ол 7-орынға тұрақтады. Үшінші күні біздің спортшыларымыз бұрын соңды атып көрмеген «Император» стилі бойынша жарыс болды. Ұлттық құрама мүшесі Айтбек Сарыбай салқынқандылықпен жарыс алаңына шығып, күміс жүлдеге ілінді. Соңғы жарыс күні «Саран» стилі бойынша өтті. Батыр Бексауыт басты қарсыласымыз саналған моңғол спортшыларының алдын 1 ұпайға орап, алтыннан алқа тақты.
Осылайша әлем чемпионатында спортшыларымыз еліміздің қоржынын 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен толықтырды.
Оқи отырыңыз