KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
478.91 526.42 5.38

Юлия Галышева үздік спортшы атанды

6.12.2018, 16:11 114


Астанада «Ұлттық спорттық жүлде-2018» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Оған танымал спортшылар мен жас чемпиондар, ел спортына еңбегі сіңген ардагерлер мен спорт саласын басқаратын тұлғалар қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі айтты.


Жылдағы дәстүр бойынша жанкүйерлер жүлде лауреаттарын тоғыз аталым бойынша Olympic.kz сайтында дауыс беру арқылы анықтады.


Айта кетейік, биыл өтінімдер ұлттық федерациялардан қабылданып, кейін ҰОК спорт дирекциясы 2018 жылғы жүлде үміткерлерінің тізімін жасады.

Бір айта кетерлігі, үміткерлердің арасында шығысқазақстандық саңлақтар да болды. Нәтижесінде жерлестеріміздің бірі мәртебелі жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» аталымында өскемендік фристайлшы Юлия Галышева топ жарды. Дауыс беру қорытындысында 3392 ұпайға ие болған Юлия мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева (2091 ұпай) мен тағы бір жерлесіміз, биатлоншы Галина Вишневскаяны (360 ұпай) артта қалдырды.


Төменде «Ұлттық спорттық жүлде-2018» сыйлығы иегерлерінің тізімін ұсынып отырмыз:

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» – Дмитрий Алексанин (семсерлесу);

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» – Елена Круглыxина (фристайл);

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» – Әлия Юсупова (көркем гимнастика);

«Үздік жас спортшы» – Бекарыс Сәдуақас (дзюдо);

«Жылдың үздік командасы» – су добынан ерлер ұлттық құрама командасы;

«Жыл жаңалығы» – Глеб Брусенский мен Евгений Федоров (велоспорт);

«Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация» – Ұлттық семсерлесу федерациясы;

«Үздік аймақ» – Шымкент қаласы.


Шара соңында барлық жеңімпазға арнайы мүсінше табысталғанын айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив