Терроризмді насихаттап, ұйымдастырған 5 адам ұсталды
ҰҚК баспасөз қызметі
Олар Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында қолға түсті.
Ұсталғандардың біреуі шетел азаматы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҰҚК ақпаратына сүйеніп.
Шілде айында Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен діни радикалдардың әрекеттерінің жолын кесу жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын. Тағы екеуіне қатысты "ауыр" есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексерілуде.
Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.