KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Полицияда фото және видео материадарды қабылдайтын арнайы қосымша пайда болмақ

13.03.2019, 08:44 242

 

Ағымдағы жылдың соңына дейін арнайы бағдарлама әзірленіп, енгізіледі. Ол арқылы қылмыс бейнеленген фото және видео материалдарды полицияға тікелей жіберуге болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Фото-видео жіберу функциясынан бөлек қосымша арқылы басқа да мүмкіндіктер жүзеге асырылмақ екен.

 

Қосымшаны кез келген адам пайдалана алады. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін фотосуретке не бейнежазбаға түсіріп, полицияға смартфон арқылы жібереді. Сонымен қатар, полициямен кері байланыс орнату мүмкіндігін де қарастыру жоспарда бар.

 

Аталмыш жаңалықтың нақты қай уақытта енгізілетіні әзірше белгісіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив