KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскемендегі «Казцинк» өртеніп жатыр ма?

12.03.2019, 10:34 235

 

Бүгін Өскемендегі ірі өндіріс ошағы – «Казцинк» өртеніп жатыр деген ақпарат әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Тұрғындар жанып жатқан әлдебір кәсіпорынның бейнежазбасын бір-біріне әлеуметтік желі арқылы жолдап, оның «Казцинк» екенін, сол жерде жұмыс істейтін тамыр-таныстары бар екенін жазды. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.

 

«Қазцинк» ЖШС-ның қоғаммен байланыс басқармасы аталған кадрлардың компанияға қатысы жоқ екенін және өндіріс орнында ешқандай төтенше жағдай болмағанын мәлімдеді.

 

Өрттің болғаны рас. Бірақ «Казцинк» емес, Ресейдегі әлдебір мұнай өңдеу зауыты өртенді. Бұл туралы ресейлік БАҚ кеше мәлімдеген болатын.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив