KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

БАҚ өкілдері арасындағы шағын футбол: өскемендіктер дес бермеді 

Фото: qaz365.kz

24.06.2024, 18:04 150 Анель Слямғазықызы

Абай облысында БАҚ өкілдерінің арасында өткен шағын футболдан "Өскемен" командасы бас жүлдені иеленді. 

Алда келе жатқан Журналистер күніне орай (28 маусым) мерекелік шаралар соңғы екі тәуліктен-ақ жалауын көтерді. Нақты айтқанда, «ABAI MEDIA WEEK 2024» журналистер форумы аясында Абай облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жарысқа Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының «018.KZ - ABAIAQPARAT», «SEMEI TV», «ТВК - 6», «Менталист» және «Көкпекті», «Өскемен» командалары қатысты.

Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев пен Абай облысы әкімінің кеңесшісі, белгілі журналист Азамат Қасым жарысқа қатысушы БАҚ өкілдерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ футзалдан 2023-24 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионы «Семей» ФК ойыншылары Рауан Атантаев пен Ринат Төреғазин ойын қатысушыларына жылы лебіздерін білдірді.

Қызыққа толы көріністерімен көз тартқан ойын нәтижесі бойынша «Өскемен» командасының ойыншысы Жангелді Сайндолда «Үздік қақпашы» атанса, «018.KZ - ABAI AQPARAT» командасының ойыншысы Ерасыл Оспанов «Үздік ойыншы» болып үздік шықты. 
Турнирдің бас жүлдесін «Өскемен» командасы (капитаны облыстық «Дидар» газетінің редакторы Серік Әбілхан) иеленіп, 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы мен арнайы кубок табыс етілді.

«Бұл әріптестік әрі жолдастық кездесу Абай облысы мен ШҚО журналистері арасындағы ынтымақтастықтың бір көрінісі деуге болады. Бұйырса,  бұл шығармашылық спорттық байланысымыз маусымының 29-ы Өскеменде жалғасатын болады», – дейді «Дидар» газетінің бас редакторы С. Әбілхан.

Шағын футболдың ІІ орын тұғырына 150 мың теңге ақшалай сыйақы және арнайы кубокпен «Көкпекті» командасы көтерілді. Ал, ІІІ орын 100 мың теңге ақшалай сыйақы мен кубок «Менталист» командасына (Абай облыстық ішкі саясат басқармасы) бұйырды.
Журналистер арасындағы осынау қызықты кездесу «Abay Media Group» ЖШС (директоры М. Малғаждаров) ұйымдастыруымен жоғары деңгейде атап өтілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив