ШҚО әкімі Даниал Ахметов: Аналардың арқасында бақыттымыз!
Бүгінгі халықаралық мерекелеріне орай облыс орталығына жиналған аналарды жаңа ғана мерекесімен құттықтаған облыс әкімі осылай деді, деп хабарлайлайды Алтайньюс тілшісі.
– Бүгін Сіздер үшін ерекше күн! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бүкіл әлем аналармен бақытты. Менің де анам қырық алты жыл ұстаз болған ардақты жан. Сіздер қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп жүрсіздер, ете де бересіздер. Сіздерге бүгінгі мерекеде айтар басты жаңалығым, Елбасы көпбалалы отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмекті биылғы 1 шілдеден емес, 1 сәуірден бастап кетуге шешім шығарды. Сіздер үшін мемлекет әрқашан барлық қамқорлықты жасайды, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Құттықтау барысында әр ананың құшағы алқызыл гүлдерге толды.