KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2,2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Даниал Ахметов ШҚО әйелдерін келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады

5.03.2021, 22:59 188

Даниал Ахметов ШҚО әйелдерін келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Дәстүрлі мерекелік кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етті.

Мереке алдындағы салтанатты шараға спорт, мәдениет, ғылым мен білім, медицина және басқа да салаларда жоғары нәтижелер көрсеткен Шығыс Қазақстан облысының табысты нәзік жандары қатысты.

Даниал Ахметов өңірдің белсенді әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтап, жылы лебізін жолдады.

– Сіздерді осы тамаша күнмен құттықтау мен үшін үлкен мақтаныш. Әлемнің жарығын сыйлаған Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің тамыры. Сіздер бұл дүниені сұлулықпен толтырып, нәзіктікпен жылытасыздар. Қызметте, отбасында баршамызды қамқорлық пен шапағатқа бөлеп, ізгілік нұрын шашасыздар. Отбасының шуағы болған әйел Отанға да адал қызмет етеді. Сіздер тәуелсіз еліміздің мерейін үстеп, дамуы мен гүлденуіне сүбелі үлес қосып келесіздер, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Іс-шара барысында Даниал Ахметов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға құттықтау хатын табыс етті. Сондай-ақ, еңбектегі жетістіктері мен көп жылғы адал еңбегі үшін кездесуге қатысқан дәрігерлерге, спортшыларға, мұғалімдерге, журналистер мен көпбалалы аналарға облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысының алғыс хаттары табыс етілді.

– Барлық әйелдердің атынан, әсіресе, бүгінгі таңда көңіл бөліп, қамқорлық танып, қолдап жатқандарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Ел Президентінен құттықтау алу мен үшін үлкен құрмет. Мемлекетіміздің үмітін ақтауға тырысамын, – деді Ольга Рыпакова.

- Осылай нәзік болып, қызмет етіп, отбасының ұйытқысы болуымызға біздің ер азаматтарымыздың үлкен қолдауы мен қорған болуы күш береді. Осы кездесуді қолдана отырып, еліміздің, облысымыздың білім беру саласында, әсіресе жастар мен балаларға жасалынып жатқан жоғары жағдайға ана ретінде ризашылығымды білдіргім келеді. Менің балам тегін спорт үйірмелеріне барады. Қазіргі күні төртінші тілді тегін мемлекеттік қолдауында арқасында меңгеріп жатыр. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпаққа жасалған қамқорлықты нағыз табысты іс деп білемін, - деді "Ұлағат" ҚБ жетекшісі Аяужан Әшімова.

Іс-шара соңында Даниал Ахметов кездесуге қатысушыларға әдемі гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив