KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

«Абай Аренаның» нақты іске қосылатын мерзімі айтылды

6.03.2019, 11:21 160

Семейдегі Қарағайлы ауданында 5 мың орынға арналған мәдени-спорттық кешен «Абай Аренаның» құрылыс жұмысы күн жылына келе тіптен жандана түсті. Жұмыс кестесі бөгеліссіз атқарылуда. Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың айтуынша, нысан үш блоктан тұрады. Бірніші блоктың жұмысы аяқталып та қалды, енді тек әрлеу жағы жүруде.


-Бұл нысан облыс әкімі Даниал Ахметовтың тікелей бастамасымен қолға алынып отыр,-деді қала басшысының Николай Ушаков,- нысан үш бөліктен тұрады. Бірінде әрлеу жұмыстары қолға алынды. Ал үшінші блокта қасбет бөлігіның жұмыстары 50 пайызға орындалды. Әрлеу жұмыстарын біз қыста қолға алдық. Себебі қыста бұл кешенге жылу бердік. Ал бірінші және екінші блоктағы шатырлары мен төбелерінің біршама жұмыстары жасалды.


«Нысанның жұмысына 200 адам 8 компания бойынша біріктірілген. Мердігер ұйым мен тапсырыс берушілерге біздің қояр кінәміз жоқ, бәрі дұрыс» деді Николай Ушаков.


«Абай Аренаға» құрал-жабдықтың замануи түрлері орнатылады. Оның ішінде инженерлік инфрақұрылым, желдеткіш, жылу жүйесі, бассейнге су жіберу барлығы жоғары технлогияда атқарылмақ. Биыл желтоқсан айында бұл кешен іске қосылады. Бұл кешен облыс әкімі Даниал Ахметовтың тікелей қадағалуында тұр, деп хабарлады Семей ақпараттық орталығының мамандары,облыс басшысы «Абай Аренаның» жобасын жасауда өзі де атсалысқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив