KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.44 473.09 4.75

ШҚО әкімі өңір дамуының маңызды аспектілері туралы есеп берді

19.09.2022, 10:50 97

Шығыс Қазақстанның әкімі Даниал Ахметов облыстық мәслихаттың 19-сессиясында депутаттар алдында өңір дамуының маңызды аспектілері туралы есеп берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, өңір экономикалық көрсеткіштердің барлық индикаторларын жақсы қарқынмен жүзеге асырып жатыр.

– Мәселен, индустриялық секторда кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша экспортқа бағдарланған өндірістерді құру үшін 32 жоба іске асырылды. Бұл АЭС үшін жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауыт. Қыркүйек айынан бастап зауыт Қытай нарығына өнім жеткізуге кірісті. Жоба Қазақстанға Атом станциялары үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі шеңберіне кіруге мүмкіндік береді. ТМК Сәтбаев кен орнында екінші байыту фабрикасын іске қосты. Жыл соңына дейін Стриженск кен орнының полиметалл және мыс-колчедан кендерін өнеркәсіптік игеру жобасын іске асыру жоспарланған, – деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, жақын арада Тарбағатай ауданында қуаты жылына 25 млн. тонна мыс кенін өңдейтін тау-кен байыту комбинатының құрылысы және басқа да жобалар басталады.

– Шағын және орта бизнес жұмысының тиімділігі маңызды көрсеткіш болып табылады. Жыл басынан бері барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 384 жоба субсидияланды. Жақын арада облыста агроөнеркәсіптік секторды дамыту бойынша мемлекет Басшысы қойған міндеттерді шеше отырып, біздің өнімді ҚХР стандарттары бойынша сертификаттауға мүмкіндік беретін биозертханасы жұмыс істей бастайды. Біз ғимарат салдық, барлық инфрақұрылымды дайындадық. Қытай тарапы құрал-жабдықтар жеткізіп, біздің мамандарды оқытады, бұл біздің өңір үшін өте маңызды жоба. Біз 2 бағдарлама аясында жобаларды жалғастырамыз - шекаралас аудандар мен бұрынғы аудан орталықтарын дамыту. Облыстың әлеуметтік саласын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Денсаулық сақтау және білім беру жобалары бұрынғысынша біздің басымдығымыз болып қала береді, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив