Өскемендегі мектеп директорларын түгелдей көшіргелі жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысы бойынша, оқу орындарының әкімшілігі бірінші қабатта орналасуы тиіс, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев Өскемендегі №46 мектептің директорына өз кабинетін бірінші қабаттқа көшіруге ұсыныс білдірді.
Сапарғалиевтің пікірінше, бұл бір жағынан келушілердің әкімшілікті оңай табуына көмектеседі.
Ал бұған дейін әлеуметтік желілерде мекеме басшылығының жоғары қабаттарда орналасуы сыбайлас жемқорлықтың өршуіне бірден-бір фактор болып табылатындығы жөнінде сөз қозғалып, қызу талқыға түскен еді.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында мемлекеттік мекеме басшыларының кабинеттерін оңтайландыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.