Өскеменде әйелдер трамваймен тегін жүреді
Өскеменде әйелдер трамваймен тегін жүреді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көлік компаниясы Халықаралық әйелдер күніне орай осындай тосынсый жасауды жөн көрген екен.
– Бұл біздің компанияның, қала әкімдігінің және «Регистан» фирмасының бірлескен акциясы, ортақ идеямыз. Әйелдер қауымын қуантқымыз келеді. Сондықтан 8 наурыз күні таңнан кешке дейін тегін алып жүреміз, – дейді «Өскемен Көлік Компаниясы» ЖШС.
Оразай Жеңісұлы
Оқи отырыңыз