Бұрынғы БСМП ғимаратына психиатриялық диспансер көшіп келе ме?
– Өскемендегі бұрынғы жедел-медициналық жәрдем ауруханасы ғимаратының (БСМП) тағдыры не болды, болашақта салаға тиесілі медициналық мекемелерге айнала ма? Әлде облыстық әкімдік арқылы медицинаға қатысы жоқ өзге салаларға қолданысқа беріле ме?
Арайлым Ерхатқызы,
Өскемен
Сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова жауап береді:
– Оқырман сұрап отырған жедел-медициналық жәрдем ауруханасының бұрынғы ғимараты облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық психиатриялық диспансеріне" және аталған басқармаға қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың теңгеріміне берілді.
Қазіргі уақытта ғимаратқа күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттары жасалды. Қаражат бөлу мәселесі облыстық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылады. Ғимаратты мақсатқа сай пайдалану күрделі жөндеу аяқталған соң басталады.