ШҚО-да тағы екі тасжол жабылды
Шығыс Қазақстан облысында тағы екі тасжол жабылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Облшығысжол» ЖШС ақпараты бойынша, боран салдарынан сағат 13:00-ден бастап «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (15-105 км., Белоусовка кентінен Риддер қаласына дейін) жабылды.
Сондай-ақ күн райының бұзылуына байланысты сағат 14:00-де «Үлкен Нарын-Күршім» тасжолының учаскесімен (36-96 км., Свинчатка ауылынан Қайыңды ауылына дейін) көліктің кез-келген түрінің қатынауына тыйым салынды.
Оқи отырыңыз