KZ
Өскемен
-21°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
499.22 519.14 5.64

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беруге болады

Фото: шартты сурет

19.04.2023, 15:00 423

Қандай компанияларға МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын басқаруға рұқсат беріледі? 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (уәкілетті орган) инвестициялық портфельді басқарушыларға ерекше талаптар әзірледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– ИПБ-лар инвестициялық портфельді басқару лицензиясына, нарықтағы табысты жұмыс және клиенттердің активтерін басқару тәжірибесіне, соңғы бірнеше жыл қорытындылары бойынша қаржы-шаруашылық қызметтің оң нәтижелеріне, зейнетақы активтерін инвестициялауға байланысты шығындарды жабу үшін меншікті капиталдың жеткілікті мөлшеріне және тағы басқа артықшылықтарға ие болулары шарт. ИПБ-лар уәкілетті органның тізіліміне енгізіледі. Бұдан басқа, ИПБ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы БЖЗҚ-мен шартқа отырып, БЖЗҚ және кастодиан банкпен үшжақты кастодиандық шарт жасасулары тиіс, – деп түсіндірді «БЖЗҚ» АҚ ШҚО филиалының директоры Марат Сейітқалиев.

Еске салайық, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтерін басқару үшін барлық талаптарға сәйкес келетін ИПБ тізіліміне бес ИПБ кірді. Олар: "Jusan invest" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "Halyk Finance"АҚ. Тізімдері enpf.kz сайтында орналастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу