ШҚО құтқарушылары түрлі халықтардың сәлемдесу челленджін өткізді
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында ШҚО ТЖД қызметкерлері түрлі халықтардың сәлемдесу челленджін өткізді.
Аудандық және қалалық бөлімшелерде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар әртүрлі халықтардың ұлттық костюмдерін киіп, бір-біріне сол халықтың тілінде және ишара көрсету арқылы сәлем жолдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Челлендждің басты мақсаты – ТЖ қызметінде жұмыс істейтін қызметкерлердің көпұлттылығын, өңір халықтарының бірлігін көрсету. Қазіргі уақытта ШҚО ТЖД құрамында азаматтардың қауіпсіздігі үшін 8 ұлт өкілі жұмыс істейді: қазақ, орыс, украин, неміс, татар, ұйғыр, әзірбайжан, болгар. Бұл халықтардың әрқайсысы өзінше ерекше және тату.