KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, С
515.25 535.91 5.18

Президент Қ.Тоқаев ата-аналар қауымына сөз арнады

15.05.2023, 17:33 425 Оразай Жеңісұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ата-аналар қауымына сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының Астанада өтіп жатқан «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық форумына қатысушыларға арнаған сөзін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева оқыды.

 " Мықты және бақытты отбасы – келісімді қоғамның негізгі құрамдас бөлігі және мемлекеттің сенімді тірегі. Ең жақын адамдарының үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында адам мен азаматтың бойындағы отаншылдық пен жауапкершілік, инабаттылық пен үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс сияқты қасиеттер тәрбиеленеді. Жақын ортада адамның биік адамгершілік ұстанымдары мен гуманистік мұраттарға негізделген дүниетанымының негізі қаланады", – делінген алғы сөзде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу