Еліміздегі бес өзеннің ғана суы сапалы
Фото: opennews.kz
Еліміздегі бес өзеннің ғана суы сапалы. Экология министрлігінің деректеріне сүйенсек, республика аумағындағы 24 өзен мен 4 су қоймасы шектен тыс ластанған. Бұлардың суын пайдалану мүмкін емес көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі
Министрлік әзірлеген алдағы жылдарға арналған су шаруашылығы жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасында 28 су объектісін қандай да бір жолмен пайдалануға болмайды деп жазылған. Экологтар өзен мен су қоймалары елдегі тау-кен, металлургия, химия өнеркәсіптері және ауыл шаруашылығы мен коммуналдық шаруашылықтың әсерінен ластанып жатқанын айтты.
Оқи отырыңыз