ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
Сурет: www.gov.kz
Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр.
Соған байланысты 2023 жылғы 9 және 10 маусым аралығында барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қызметі;
- еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі;
- шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қызметі;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу қызметі уақытша қолжетімсіз.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз