Айыппұлдан жалтарған жүргізушілер анықталды – ШҚО
Фото: egemen.kz
ШҚО-да «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы жарияланды.
Профилактикалық шара аясында жол ережесін бұзып, айыппұлдан жалтарған жүргізушілер ұсталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Шараның қорытындысы бойынша, 7 күнде 1981 әкімшілік іс бойынша 25,9 млн теңге өндіріліп, 51 көлік төленбеген айыппұлдар үшін мамандандырылған автотұрақтарға қойылды", - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, өңірде жыл басынан бері 96 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген көрінеді. Оның ішінде 116 млн теңгеден астам сомаға 17 мың қаулы өндірілмеген күйінде қалып отыр.
Оқи отырыңыз