KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Катонқарағайда өртпен күрес жалғасуда

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

18.06.2023, 11:06 266 Ләззат Қанатқызы

Катонқарағайда орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Құтқарушылардың айтуынша, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Оқиға орнында өрт сөндірушілердің, орманшылардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің жеке құрамынан 123 адам, 3 техника жұмылдырылды. ШҚО әкімдігінің авиация бөлімшесінің 2 тікұшағы да тартылды. Тікұшақтармен барлығы 10 рет су төгілді. Белсенді жану ошақтары жоқ. Кей жерлерде жекелеген түтіндер байқалады. Ол жерлерде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуына жол берілген жоқ", - делінген ақпаратта.

Оқиға орнында ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев жүр. Облыс әкімі Ермек Көшербаев қазір Риддер қаласынан 80 шақырым жерде тұтанған өртпен күрес жұмыстарын бақылауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив