KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, ОШ
527.3 544.86 4.95

ШҚО-да тағы да екі адам суға кетті

23.07.2019, 05:13 125

Қайғылы оқиға Семей қаласында өткен демалыс күндері болған. Құтқарушылар тобының айтуынша, екеуі де шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сенбі күні яғни 20 шілдеде «102» каналына сағат 16:05 шамасында әлдекімнің Понтон көпірі маңында суға шомылып жүріп, ғайып болып кеткені туралы хабар түскен. Сағат 17:10-да құтқарушылар 1974 жылғы ер адамның мәйітін тапты.

Екінші оқиға 21 шілде күні «Құсфабрикасы» ауданында «Птичник» көлінде тіркелді. 16:13 кезінде 1982 жылғы ер адамның денесі табылған.

Бұл жағдайлар қала тұрғындарын алаңдатуда.

– Жыл сайын көретініз бен еститініміз осы. Адамдар бірінен соң бірі суға кетіп жатыр. Осының бәріне кім кіналі? Шомылуға тыйым салынған жерде суға түсті дегенді алға тартады, ал онда жабдықталған жағажайды көрсетіңдерші. Күн болса күйіп тұр, сонда халық қайда барып суға түсуі керек? – дейді қала тұрғыны Лена Деменева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу