Жастарды несиелеу бағдарламасына қалай қатысуға болады?
Фото: gov.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде Жастарды несиелеу бағдарламасын іске асырады.
Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.
Несиелеу шарттары:
Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін.
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%.
Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Өтінім беру үшін құжаттарды "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мекенжайы: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 51.
Телефон: 8 701 006 16 51
Е-mail: info-vko@agrocredit.kz
Директор: Солтанбаева Гүлнұр Зиранқанқызы
Филиалдардың мекенжайы agrocredit.kz сайтында көрсетілген.
Қажетті құжаттар тізімі:
жеке басын куәландыратын құжат;
жоба бойынша бизнес-жоспар;
қызмет көрсететін банктен шоттың бар екенін растайтын анықтамалар;
қаржы ұйымдарынан (несие болған кезде) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар;
қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);
кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;
кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
Шағын несие:
тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);
бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;
ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;
моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;
темекі және\немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобалар;
кредиторлық берешекті өтеу;
бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттардан басқа кез келген мақсатқа беріледі.
Шағын несие беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған комиссия қабылдайды. Комиссия құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобасын таныстырғаннан кейін комиссия бизнес-жобаларды бағалап, таңдау жасайды.
Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек.