KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да балабақша саны артады

Фото: ortalyq.kz

28.07.2023, 10:39 197 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстанда балалар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Сондықтан облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарды көбейтуге мүдделі.

Сала мамандары «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жеке балабақша ашу үшін инвесторларды тартпақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы жұмыс аясында басқармада кеңес өтті. Жиынға қалалар мен аудандардағы білім бөлімдерінің басшылары, ШҚО кәсіпкерлер палатасының аудандық және қалалық филиалдарының директорлары, жеке кәсіпкерлер және сала мамандары қатысты.

«Кеңес барысында жекеменшік балабақшаларға қойылатын талаптар, оның ішінде санитарлық ережелерге, өртке қарсы қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігі талқыланды. Сондай-ақ қажетті рұқсат құжаттарын алу үшін мүдделі тұлғалардың іс-қимыл тәртібі түсіндірілді», - деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив