Кәсіпкерлердің өтініші 5 жыл бойы ескерусіз қалған – ШҚО
Фото: Шартты сурет
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне бір топ кәсіпкерден кәсіпкерлік нысандарына кірме жол салуға жәрдемдесу турасында өтініш келіп түскен.
Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспасөз қызметінің дерегінше, 2019 жылдан бастап кәсіпкерлер уәкілетті органдарға өздеріне тиесілі коммерциялық нысандарға кірме жол салу туралы бірқатар өтініш түсірді. Дегенмен олардың мұқтаждығы ескерусіз қалыпты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірлесіп шара қабылдауға кірісті. Олар осы мәселеге жауапты органдар мен мүдделі тұлғалардың басын қосып, отырыс ұйымдастырды. Ақыры нысандарға кірме жол салу жайлы кәсіпкерлер талабын қанағаттандыру турасында шешім қабылданып отыр.