KZ
Өскемен
-3°
небольшой снегопад жел 7 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

ШҚО-да 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Фото: «AMANAT» партиясы ШҚОФ баспасөз қызметі

8.08.2023, 17:06 187 Оразай Жеңісұлы

Облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Марина Быкова партияның  сайлауалды бағдарламасының іске асуы барысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, Шығыс өңірінде бүгінге дейін 12 040 жұмыс орны құрылды. Әлеуметтік осал топ өкілдерін қолдау бойынша 135 грант берілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасы 5 бағыт бойынша 96 тармақты қамтиды.

– Онда 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы қажет мәселелер нақты көрсетіліп жазылған. Мәселен, 2027 жылға дейін кемінде 75000 жұмыс орнын құру көзделген. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан азаматтарға жыл сайын кемінде 200 грант беру қарастырылған. Азаматтардың тұрмысын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу, жол, тұрғын үймен қамту сынды мәселелер де осы Жол картасында қамтылған, – деді облыстық мәслихат депутаты Марина Быкова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу