Ленин ескерткішінің құлауына байланысты тергеу басталды
Алтай қаласындағы Ленин ескерткішінің құлауына байланысты полиция тергеу жүргізуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары қолға алынған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
- Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 203-бабы 1-бөлігіне (тарихи, мәдени ескерткіштерді, табиғат кешендерін немесе мемлекет қорғауына алынған объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл бап бойынша жаза ретінде үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алтай қаласының орталық алаңындағы Лениннің ескерткішін жөндеп жатқан мердігер компанияның жүк көлігі ескерткішті құлатып алған видеосы жарияланды.
Оқи отырыңыз