KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
492.22 529.38 5.03

Зейнеткерді соққыға жығып, тонап кеткен – ШҚО

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

25.08.2023, 11:43 205 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында зейнеткерді соққыға жығып тонап, кеткен қаскөйлер ұсталды.

Оқиға Шемонаиха ауданында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Полиция бөліміне 73 жастағы қала тұрғыны шағым түсірген.

«Белгісіз екі адам зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, үй иесін соққыға жығып, аяғын скотчпен байлап, 70 000 теңгесін алып кеткен», - деп мәлімдеді полиция.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді ізін суытпай ұстады. 1960 және 1981 жылы туған жергілікті тұрғындар бұрын да осындай қылмыс жасап сотталған болып шықты. Олар кінәсін мойындады.

  Күдіктілер қылмысты алдын ала ойластырған. Жәбірленушінің егде жаста екенін біліп, оқиға орнына қайта келіп, үйдегі бағалы тұрмыстық техникаларды алып кетпек болған, дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Күдіктілер қамауға алынды. Қазір Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив