KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

ШҚО-да жыл басынан бері 215 жол апаты тіркелген

Фото: paryz.kz

31.08.2023, 21:17 181

Биыл жарты жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан аумағында 1 200-ден астам адамның өмірін қиған 6 792 жол апаты болды.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сай, биыл жол-көлік апаттарының саны азайғанымен, көз жұмғандар қатары артты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Биыл 7 айда еліміздің аумағында 6 792 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға аз, яғни былтыр осы уақыт аралығында 7 862 оқиға тіркелді. Жол апатынан 9 714 адам зардап шекті. Өткен жылы осы кезеңде 11 584 адам зардап шеккен болатын. Биыл жарақат алғандар – 8 482, ал қаза болғандар – 1 232 адам. Былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көз жұмғандар саны 3,2%-ға өсіп отыр, - делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ұсынған деректерде.

7 айда көз жұмған 1 232 адам – бұл кейінгі 7 жыл ішінде тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Биыл 7 ай ішінде еліміз бойынша болған жол-көлік апаттары:

  1. Астана – 415 оқиға;
  2. Алматы – 1 648 оқиға;
  3. Шымкент - 189 оқиға;
  4. Абай облысы - 233 оқиға;
  5. Ақмола облысы - 254 оқиға;
  6. Ақтөбе облысы - 263 оқиға;
  7. Алматы облысы - 731 оқиға;
  8. Атырау облысы - 174 оқиға;
  9. Шығыс Қазақстан облысы - 215 оқиға;
  10. Жамбыл облысы – 547оқиға;
  11. Жетісу облысы - 250 оқиға;
  12. Батыс Қазақстан облысы - 209 оқиға;
  13. Қарағанды облысы - 175 оқиға;
  14. Қостанай облысы - 206 оқиға;
  15. Қызылорда облысы - 261 оқиға;
  16. Маңғыстау облысы - 250 оқиға;
  17. Павлодар облысы - 238 оқиға;
  18. Солтүстік Қазақстан облысы - 184 оқиға;
  19. Түркістан облысы - 313 оқиға;
  20. Ұлытау облысы - 37 оқиға.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу