МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тыйым салына ма?
Фото: wagurtaildogtraining.com
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тыйым салуға қатысты түсінік берді.
Оның айтуынша, көлік жүргізуге тыйым салу тек ұсыныс ретінде қарастырылып жатыр және бұл бастама қабылданбауы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар елдің тәжірибесін зерттеп, осы ұсынысты жасаған көрінеді.
- Бұл тек ұсыныс. Заң жүзінде қабылдаған жоқпыз. Қазір түрлі бастама пысықталып жатыр және ұсынылған шектеулер қабылданбауы да мүмкін. Жалпы, 5 жыл бойы медициналық сақтандыруға қатысты заң талаптары орындалмай келеді. 3 млн адам медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Осының салдарынан адамдар медициналық көмекті тиісті деңгейде ала алмай жатыр, - дейді министр.
Ауылдардағы 1,5 млн адамды медициналық сақтандыру бюджет есебінен болады.
Оқи отырыңыз