ШҚО-да өрт сөндіру жаттығулары өткізіледі
Фото: opennews.kz
Бүгін облыс орталығында және тағы бір ауданда өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді.
Өрт кезіндегі іс-қимыл ережелерін пысықтау үшін Өскемен қаласы мен Самар ауданына қарасты Шұбарқайың ауылында өрт-тактикалық сабақтары және өрт сөндіру жаттығулары өткізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындардан оқу-жаттығулары барысында дүрбелеңге салынбай, сабырлық сақтауларын сұрайды.
Оқи отырыңыз