KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
524.75 540.6 5.12

Қысқы маусымға дайындық мәселесі талқыланды – ШҚО

шартты сурет

23.10.2023, 19:04 364 Оразай Жеңісұлы

Шығыс өңірі қысқа қамданды ма? Маңызды нысандар мен көлік инфрақұрылымы қандай жағдайда? Жылу маусымы басталғалы бері не өзгерді? Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысына осы мәселелер қаралды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Қазір өңірдегі 32 орталықтандырылған қазандығындық жүз пайыз дайын. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау нысандары секілді бюджеттік ұйымдардың да дайындығы тыңғылықты. 3017 көппәтерлі тұрғын үй де қыс мезгіліне дайын, – деп мәлімдеді облыстық құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев.

Маманның айтуынша, су электр станцияларындағы жөндеу жұмысы 91,6 пайызға орындалған. ЖЭО-ларда бұл көрсеткіш 95 пайызға жетеді.

– Согра жылу электр орталығы 100 пайызға дайын. «Риддер» ЖЭО дайындығы – 91 пайыз, – деді Дидар Кеңесбаев.

Басқарма басшысы отын қоры жөнінде, көмірдің жеткізілуі мен қарыздардың өтелуі туралы кең әңгімеледі. Облыс әкімі Ермек Көшербаев мұндай ақпараттың сараптамалық сипатта болғаны жөн екенін атап өтті. Сонда ғана халық көкейіндегі сұрақтарға жауап табылады.

– Түсіндіру үшін берілген ақпарат тіпті көп сұрақ туындатуы мүмкін. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары, бейінді ведомстволардың баспасөз қызметтері арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, бұл жұмысты үздіксіз жүргізу қажет. Қандай жағдай болмасын, халықпен бетпе-бет жүздесіп, сұрақтарға жауап беріп, туындаған мәселе қашан шешілетінін нақты айту керек. Мұның бәрі жауапты ведомстволардың, мемлекеттік атқарушы билік органдарының міндетіне кіреді – деді облыс әкімі.

Өңір басшысының пікірінше, кез-келген істің барысына көз жүгірткен абзал. Мәселен, біздің синоптиктердің болжамы шетелдік мамандардың болжамынан қалыс қалып жатады. Шығыс Қазақстанда көшкін қаупі күшейген кезде, болжам нақты жасалып, облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға дайындық соған орай пысықталуы тиіс. Магистральдық жылу желілерінің, тұрғын үйлердің және теміржол көлігінің дайындығы да осы тәртіппен жүргізілуге тиіс.

Ал азаматтық қорғау күштерінің қыс мезгіліне дайындығы өз алдына жеке мәселе.

Сондай-ақ көмірдің жеткізілуіне уақтылы ақы төленуі тиіс. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Ешқандай қарыз болмауы керек, өйткені бұл мәселе алдын-ала пысықталды, қаржы кепілге қойылды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның құрамына туризм мен спортты дамытуға жауапты басқарма өкілдерін тарту қажет. Өйткені қыста демалыс және мереке күндері тұрғындар табиғат аясына шығады. Оларды табиғи апаттардан қорғау маңызды. Облыс басшылығының ұстанымынан барлық қызметтердің өзара іс-қимылының жалпыға тиімді алгоритмі әзірленуі қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу