Өскеменнің мәдениет бөліміне жаңа басшы келді
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл қызметке бұған дейін Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімін басқарған Алмаз Нұрғалиев тағайындалды. Бұл туралы облыс орталығының басшысы Жақсылық Омар ресми парақшасына жазды.
«Алмаз Болатұлына осы жауапты лауазымда табысты еңбек мен жетістіктер тілеймін», - деді қала әкімі.
Оқи отырыңыз