KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Самар ауданының әлеуеті толық пайдаланылмай отыр

Кеше, 11:25 89 Төлеуғазы Жансая

Самар ауданының облыс экономикасындағы үлесі елеусіз, ал оның қазіргі көрсеткіштері өңірдің әлеуетіне еш сай келмейді. Бұл туралы Самар ауданының халқымен есепті кездесуі барысында облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгінде ауданның жалпы өңірлік экономикаға қосқан негізгі үлесі ауыл шаруашылығы өнімдері болып тұр. Оның көлемі 9,7 миллиард теңгеге жеткен, Алайда, бұл облыс экономикасының 2,7 пайызын ғана құрайды. Ал құрылыс, инвестиция тарту, өнеркәсіп пен шағын бизнестің үлесі бұдан да төмен, 1,6 пайыз шамасында.

– Бұл – ауыз толтырып айтатындай көрсеткіштер емес. Қазіргі уақытта мәселелерді шешу жолдары анықталуда, сол бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деді Нұрымбет Сақтағанов есептік кездесуде.

Белгілі болғандай, 2029 жылға дейінгі Самар ауданының даму жоспары аясында өңірге үш миллиард теңге бюджет қаражатын және 62,5 миллиард теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл қаражат ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, туризм мен басқа да салаларды дамытуға бағытталмақ.
Аудан бюджеті небары 5,9 миллиард теңгені құраса, оның ішіндегі 1,9 миллиарды (32 пайызы) ғана өз қаражаты екен. Қалғаны – трансферттер, несиелер мене басқа түсімдер. Ауданның кіріс базасы негізінен «BI-Development» ЖШС, «BI Innovations» ЖШС және «Сәтпаев тау-кен байыту кәсіпорны» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындарға тәуелді.
Нұрымбет Сақтағанов туризм сияқты болашағы зор салалардан түсетін кірістің тым төмен екенін атап өтті. 2023 жылы туризм саласынан түскен салық көлемі 6,7 миллион теңгені құраса, биылғы 11 айда қазынаға бар болғаны 3,8 миллион теңге көлемінде қаражат түскен.

– Статистика бойынша ауданда 9 туристік база жұмыс істейді екен, ал салық органдарының мәліметінше, мұндай нысандардың саны – 28. Бірақ іс жүзінде олардың саны 50-ден асады. Міне, осының кесірінен салық ретінде түсуге тиіс едәуір мөлшердегі қаражаттан қағылып отырмыз, – деп атап өтті облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Нұрымбет Сақтағанов жаңадан тағайындалған аудан әкімі Серік Жеңісовке 2025 жылдың 1 наурызына дейін туризм нысандарының толық түгендеуін жүргізуді және салық базасын кеңейту үшін қосымша кіріс көздерін табуды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу