KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жария талқылау өтіп жатыр - ШҚО

14.11.2023, 10:40 342 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша жария талқылау өтіп жатыр.

Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам белсенділері сарапшылармен бірлесіп, экономикалық және саяси тұрғыда аса маңызды мәселені талқыға салды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында "жасыл энергияның" маңыздылығына тоқталған еді. АЭС салу мәселесіне қатысты сарапшылар не дейді екен? Осыған үңілсек.

Қазір елімізде 114 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі, дегенмен соның өзінде тапшылық байқалып отыр. Оған қоса, көмір жағатын станциялардың шығыны да шаш етектен. Жыл сайын еліміздегі ЖЭО мен СЭС-тар электр энергиясын алу үшін, шамамен, 60 миллион тонна көмір жағады. Станциялардан шығатын қалдықтар экологияны ластаған үстіне ластап жатыр. Тұрғындардың ауа сапасына шағымы да уақыт өткен сайын ұлғайып келеді. Елімізде энергияның 70 пайызы көмір жағу арқылы өндірілетінін ескерсек, жағдай тек нашарлай түспек.

- Бүкіл әлем атом энергетикасын дамытуға ұмтылуда. Бейбіт атомның көмір жағатын станциялардан артықшылығы көп. Атом генерациясын дамыту қажеттілігі жыл санап артып келеді. Бүгінде көмін жағатын станциялардың тозуы 70 пайызға жуықтады. Ал электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3 пайызға өсіп келеді, - деді ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова.

Мамандардың айтуынша, АЭС - экономикалық өсудің, ғылым мен білім дамуының драйвері. Бейбіт атомның қоршаған ортаға да қылдай зияны жоқ. Жасыл энергияны игілікке жаратар болсақ, парниктік газ шығарындылары жылына 10 млн тоннаға дейін төмендейді.

Жария талқылау барысында сарапшылар жергілікті тұрғындардың АЭС қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық кадрларды даярлау және атом станциясын салу технологиялары жөніндегі сұрақтарына жауап береді.

- Қазір әлем елдері жаңа технология бойынша бейбіт атом жолына түсті. Егер халық АЭС құрылысын қолдайтын болса, біз де жаңа технологияны қолданамыз – деді Атомдық және дәстүрлі энергетикалық технологиялар мектебінің деканы, Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі Айбек Ақаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу