Өскеменде дәрігерлерді балағаттаған адам қандай жазаға тартылды?
Облыс орталығындағы емханалардың бірінде пациент дәрігерлерді балағаттап, дөрекілік көрсеткен. Қала тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Емхана қызметкерлері оқиға орнына полиция шақырған. Тәртіп сақшылары әкімшілік іс қозғайды. Содан кейін іс сотқа жеткен.
«Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылды. Оған 72 450 теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Қаулы толықтай заңды күшіне енді», - деп хабарлады Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен.
Оқи отырыңыз