KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Маралды фабрикасында қолданылатын технология сараптамадан өтті

Фото: Ермек Имангазинов

30.11.2023, 15:57 212

Маралды ауылында салынатын алтын өндіру фабрикасына қатысты шешімдер мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаны іске асыру үшін уәкілетті органдардан рұқсат құжаттар алынған.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ШҚО әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Зауыт құрылысына тыйым салуға заңды негіз жоқ. Мамандардың пікірінше, экологиялық қауіп төнбейді. Цианидті қолдану – әлемдік тәжірибеде бар. Күршім ауданындағы Маралды ауылына барған өнеркәсіп министрлігі мен экология министрлігінің өкілдері осындай пікір білдірді. Өндіріс процесінде цианидті қолдану қауіпсіздігіне бақылау орнатылады. Министрлік лицензия берген кезде осындай талап қойған, – деді облыс әкімі.


Соңғы жылдары Маралды халқының, соның ішінде жастардың, жұмыс жоқ болғандықтан ауылдан ағылып кетіп жатқаны байқалады. Ал елді мекенде кәсіпорын бой көтерсе, тұрақты жұмыс та, ауыл инфрақұрылымын дамытуға қаражат та табылмақ.

Сонымен қатар, өңір басшысының айтуынша, экономикалық және инвестициялық тұрғыда бұл жоба Маралды ауылы немесе Күршім ауданы үшін ғана емес, тұтас облыс үшін де аса маңызды. Жоба ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып ғана қоймас, қосымша кәсіптердің дамуына ықпал етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу