ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тағы қысқартпақ
фото: e-history.kz
ОПЕК+ елдері әлем бойынша мұнай өндіру көлемін тағы да қысқарта түсу мәселесін талқылап жатыр.
Бұл туралы Kazinform агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлады.
ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1 баррельге дейін азайтуды көздеп отыр. Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел Сауд Арабиясы мұнай өндіруді қысқартуды қолдайды. Ал Африка, Нигерия және Ангола сияқты елдердегі ірі мұнай өндірушілер «қара алтынды» өндіруге деген жеке квотаның қысқаруына қарсы.
Мұнай өндіру бойынша шектеу өлшемінің 2024 жылы қандай болатыны туралы шешім 30 қараша күні өтетін видеоконференцияда қабылдануы тиіс.