KZ
Өскемен
-31°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
517.84 543.11 5.28

Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз болады

4.12.2023, 19:25 188 Оразай Жеңісұлы

Апта басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклон мен соған байланысты атмосфералық шептердің ықпалында болады. Соның салдарынан жауын-шашын мол болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

- 6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қалың қар жауып, көктайғақ, боран болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. 7 желтоқсанда солтүстік-батыс салқын антициклоны кіріп келеді де, республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендеп кетеді: елдің батысы, орталығы мен шығысында 10-18 С аязға дейін, солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25-33 С аяз, оңтүстігінде 5-13 С аяз болуы ықтимал, - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу