KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Өңірімізде қызылша ауруы бәсеңдемей тұр

Фото: farmani.ru

6.12.2023, 17:30 291

5 желтоқсандағы жағдай бойынша Өскемен қаласында зертханалық тұрғыда қызылшаның 92 дерегі тіркелген. Жұқпалы аурудың 69 жағдайы 14 жасқа дейінгі балаларда кездесіп отыр. Көпшілігі – екпе алмаған балалар. Облыста 3 желтоқсан күні қызылшадан алты айлық бала қайтыс болған деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Өскемен қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының орынбасары Арман Сағындықов облыс орталығында қызылшамен ауырғандардың саны көбейіп бара жатқанын айтады. Өткен аптада Өскеменде қызылшамен ауырудың 10-15 жағдайы тіркелген.
Қазір Өскемен қаласында да жаппай иммунизациялау кезеңі жүріп жатыр. 

– Қызылшамен ауырған адам қайтадан бұл аурумен екінші рет ауырмайды. Қызылшаға қарсы екпе алған адамның бойында осы аурудың иммунитеті (адамның денсаулық жағдайына қарай) 10-20 жыл сақталады, – дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисті Назигүл Сапарғалиева. 


Инфекционист қызылшамен ауырған балаларға асперин дәрісін бермеу қажеттігін, оның орнына ыстықты түсіретін парацетамол, ибупрофен дәрілерін беріп, су, сорпа, морс сияқты сұйықтықты көп ішкізу, құнарлы әрі тез сіңетін тағамдарды беру керектігін ескертеді. Мұрын бітеліп, жөтел пайда бола бастаған алғашқы күндері-ақ үйге учаскелік педиатрды немесе терапевті шақыру қажет. 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив