Үлкен Нарындағы көпқабатты үйлердің иелері жылу мәселесін көтерді
Үлкен Нарын ауылындағы көпқабаты үйлердің тұрғындары ШҚО әкімімен кездесу барысында баспаналарының салқын екенін айтты.
Олардың айтуынша, аталған мәселе төрт жылдан бері жалғасып келеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Тұрғындар барлық инстанцияларға шағымданған, бірақ мәселе шешілмеген көрінеді. Бұл үйлерге жылу орталық қазандықтан барады. Аудан әкімі берген мәліметке сүйенсек, қазір қазандықтан 55-60 градус температурада жылу беріліп отыр. Аталған үйлерге жылу 52 градус температурада жетеді.
Кездесуге қатысып отырған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы жиыннан соң аталған үйлерге барып, жағдайды тексеретін болды. Шешім облыс әкіміне хабарланады.
Қуаныш Рахметоллаұлы