KZ
Өскемен
+2°
туман жел 2 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Қайтыс болған адамның денесі бірнеше күн үйінде жатып қалған

фото: yk-news.kz

19.12.2023, 15:10 79 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскеменде қайтыс болған қарт адамның денесі бірнеше күн бойы үйінде жатып қалған. Қарт адам үйінен шықпаған соң көршілері полиция шақырып, оның қайтыс болғанын білген.

Алайда қайтыс болған адамның денесін алуға барған адамдарды иесін қорғаған ит үйге кіргізбеген. Осыдан кейін олар «Досым» оңалту орталығының қызметкерлерін шақырып, солардың көмегімен итті ұстап, мәйітті алған, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Демалыс күні қоңырау соғып, қайтыс болған жалғызбасты адамның денесін ала алмай тұрғандарын айтты. Иесін күзеткен ит оларды үйге кіргізбей қойған. Маған итті ұстап беруімді өтінді, – дейді «Досым» оңалту орталығының еріктісі.

Осылайша орталық еріктісі шұжық пен жануарларды ұстауға арналған құралдарды алып, аталған мекен-жайға барып, итті ұстап, қайтыс болған адамның денесін алуға көмектескен. Еріктінің айтуынша, қарыны ашқан ит терезеге секіріп денесін аздап жарақаттаған. Тіпті, аштықтан күйзеліске де түскен. Сонда да иесін адалдық танытып, денесін бермеуге тырысқан. Иесін адалдық танытқан итке «Адал» деген берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив