KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Аурухана парағы енді тек электронды түрде ресімделеді

Фото: caravan.kz

24.01.2024, 10:03 80

Қазақстанда аурухана парақтары қағаз түрінде емес, енді тек электронды түрде рәсімделеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жаңашылдық туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев хабарлады.

Еңбекке жарамсыздық парағын eGov.kz. порталы және мобильді қосымшасындағы eDensaulyq қызметінен табуға болады.

«Биыл біз қағаз түріндегі аурухана парақтарын толығымен алып тастадық. Аурухана парағын ашу туралы факті азаматтың келісімімен жұмыс берушіге электронды түрде берілетін болады.
Егер бұрын жұмыс беруші қызметкердің ауырып қалғанын көк бланкі түріндегі аурухана парағын әкелген соң ғана тіркесе, енді  аурухана парағы ашылғаны немесе ұзартылғаны туралы хабардар болып отырады», -деді вице-министр.

Ол бизнес-процесс толығымен қайта өңделгенін түсіндірді. Жұмыс берушілерге аурухана парағының артқы жағына қол қоюдың қажеті болмайды. Барлығы тек электрондық форматта жүргізіледі.

 «Бұл азаматтар үшін де, жұмыс беруші үшін де ыңғайлы. Өйткені  емханаға аурухана парағын алу үшін барудың қажеті жоқ, мәліметтер электронды түрде қолжетімді болады», -деп қорытындылады Бейбіт Есенбаев.

 Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив