KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
491.7 531.28 5.07

Бүгін Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл

burlin-kitaphana.kz

4.02.2024, 12:10 447 Назерке Каримова

Әбділда Тәжібаев - ақын және драматург, филология  ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық  жазушысы.

 

Жас ақынның алғашқы шығармаларын оқыған Мұхтар Әуезов оның шығармашылық қабілетін, көркемдік ерекшеліктерін байқаған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

 

Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші қазақ» газетінде пошта-газет тасушысы болып бастаған, кейін корректор болып жұмыс атқарған Тәжібаев «Қызыл кеші», «Лениншіл жас» газеттерінде редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы қызметтерін атқарған.

 

Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғаш өлеңдері 1927 жылы «Жұмысшы» газетінде, кейін 1933 жылы «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты. «Оркестр», «Құтқару», «Екі жиған», «Абыл», «Шын жүректен», «Сүйген жүрек», «Таныс дауыстар» атты поэмалары мен өлеңдері жарық көрді.

 

Әбділда Тәжібаев «Жүректілер» пьесалар жинағының, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттық кілемі», «Жыр күмбез» атты драмалық дастандарының, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш – орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» пьесаларының, «Дубай Шубаевич», «Той боларда» және т.б.комедияларының авторы.

 

Айта кетейік, қаламгердің сценарийі бойынша «Жамбыл» көркем фильмі түсірілген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив