KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Денсаулық сақтау ұйымдарында маска режимі енгізілді

t.me/DenMinPR

10.02.2024, 10:00 261 Назерке Каримова

Халық көп жиналатын медициналық немесе мата маска тағу ұсынылды.

Елдің бас санитариялық дәрігері осындай қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері - Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова "Ауа-тамшы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы" қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында 8 ақпаннан бастап маска режимі енгізіледі.

Қаулыға сәйкес Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкенттің денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдардың персоналы мен келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын қамтамасыз ету тапсырылды.

Өз кезегінде, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға меншік нысанына қарамастан, халық көп жиналатын жерлерде медициналық немесе мата маскаларын пайдалану ұсынылады.

Бұл әуежайлар, теміржол вокзалдары, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктер сияқты қоғамдық орындарға қатысты.

Сондай-ақ, маскаларды қоғамдық көліктің барлық түрлерінде қолдану ұсынылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив