KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Контрафактілік темекіні ауылдарға апарып сатпақ болған

Абай облыстық ПД

11.02.2024, 22:00 306 Назерке Каримова

"Алматы - Өскемен" тас жолында контрафактілік темекі партиясы тәркіленді.

Арнайы акциздік маркаларсыз 100 блок темекі өнімдері табылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

– Абай облысының патрульдік полиция ротасы "Алматы - Өскемен" тас жолының 767 шақырымында 33 жастағы азаматтың басқаруындағы Тоуота маркалы автокөлігін тоқтатты, – деп хабарлады Абай облыстық ПД. – Үржар ауданының тұрғыны багаж бөлімінде арнайы акциздік маркаларсыз 100 блок темекі өнімдерін тасымалдаған.


Мән-жайларды анықтау барысында жүргізушінің контрафактіні ауылдық жерлерге тасымалдағаны анықталды.

Әрі қарай қарау үшін ол жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу