KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

ШҚО мектептеріне жаңа автобустар берілді

12.02.2024, 12:28 297

Өскемендегі үш мектепке, ал Риддер, Серебрянка қалалары мен Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха, Глубокое, Алтай аудандарына бір-бірден жаңа автобус сатып алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ал Ұлан ауданында екі мектептің автопаркі жаңартылды.

- Жаңа автобустар барлық қажетті техникалық талаптарға сай. Балаларды тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін жылдамдықты шектегіштермен, қауіпсіздік белдіктерімен, ауаны баптау жүйесімен жабдықталған және «Балалар», «Мектеп автобусы» деген жазулары, жарық шағылыстыратын ленталары бар, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы.

Айта кетейік, көлік құралдары ерекше қажеттіліктері бар балаларға да бейімделген: автобустарда арнайы пандусы мен жүргізушіні шақыру түймесі бар.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив