Өскемен тұрғыны бұрынғы әйелінің көлігін өртеп жіберді
сурет: samarskayaluka-vet
Өскемен қаласының тұрғыны бұрынғы әйелінің көлігін өртеп жіберген. Ол мұндай әрекетке қызғаныштан барған көрінеді.
Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Сотталушы қызғаныш негізінде бұрынғы әйелінің көлігін өртеген. Жәбірленуші оны байқап қалғанда ол қылмыс орнынан ізін суытқан. Өрттен келген залал сомасы 1 804 669 теңгені құрады», - деп мәлімдеді қаланың №2 сотының баспасөз қызметі.