Шетелдіктерге ЖСН берудің жаңа ережесі енгізілді
сурет: mavink.com
Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
24 ақпаннан бастап жеке сәйкестендіру нөмірін тек жеке өтініш арқылы ғана алуға болады.
Бұған дейін ЖСН үш тәсілмен берілген:
сенім білдірілген адамдар арқылы;
Қазақстан Республикасының елшілігінде;
Қазақстанның тіркеуші органына өзі бару арқылы.
Енді алғашқы екі элемент қолжетімді емес.