KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

«Самар-Вет» кәсіпорнына қатысты мәселенің мән-жайы айтылды

Фото: gov.kz

28.02.2024, 18:15 167 Оразай Жеңісұлы

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы 270 мың теңгеге автокөлікті сақтандырмақ болған «Самар-Вет» коммуналдық кәсіпорнының мемлекеттік сатып алуына қатысты тараған ақпаратты түсіндірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Самар ауданындағы «Самар-Вет» коммуналдық кәсіпорны дербес заңды тұлға болып есептеледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік сатып алуға ішкі мониторинг жүргізді. Нәтижесінде хабарландыру табылып, жойылды.

Материалдар құзыретті органдарға берілген, қазір қызметтік тергеу басталып кетті. Тексеруден кейін кінәлі лауазымды тұлғалардың кім екені анықталады және олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ аудандық ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен мамандары құзыреттілік пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты ішкі тексеруден өтеді.

ШҚ АШБ басшысының орынбасары Рамиль Сағандықов жағдайды түсіндірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив